Елбасының Рождество мерекесімен құттықтауы

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев православиелік христиандарды және барша қазақстандықтарды жарқын мейрам - Рождество мерекесімен құттықтады. ҚазАқпарат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтауының мәтінін таратады.
None
None

***

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Православиелік христиандарды және барша қазақстандықтарды жарқын мейрам - Рождество Христова мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке - адамзаттың жақсылық, мейірімділік, есіркеу және сүйіспеншілік сияқты айнымас асыл құндылықтарының белгісі.

Қазақстанда православие ең көп тараған конфессияның бірі болып табылады. Орыс право­славие шір­кеуі мемлекет пен діни бірлестік­тер­дің арасында оң қарым-қаты­нас­тардың дамуына, қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің ны­ғаюы­на үлкен үлес қосып келеді. Бұл терең құрмет­ке және қадір­леу­шілікке лайық. Бізде Рождествоның Құрбан айтпен бірге демалыс күні болып жарияланғаны кез­дейсоқтық емес. Православие дінбасылары мен дін өкілдері өз қызметтері мен сенімдері аясында өзге де барлық конфессия өкілдерімен бірге еліміздің дамуына, оның ырыс-бай­лығының артуына рухани үлес қо­сып, төзімділік пен түсіністік та­ны­туда. Орыс православие шіркеуі - елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі­не белсенді қатысушы.

Бүгінде біз елеулі оқиғаның қарсаңында тұрмыз. Менің ша­қы­руым бойынша бірнеше күннен кейін Қазақстанға Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кирилл мінәжаттық сапармен келеді. Бұл са­пар еліміз өмірін­дегі айрықша оқиғаға айналып, тек право­сла­вие­ліктердің ғана емес, барлық қа­зақ­стан­дық­тардың рухани дүниесін нығайта түседі деп сенемін.

Рождество мерекесі үміт күткен миллиондаған адамдар­дың үйіне қуаныш пен жақ­сы­лық әкеледі. Ол қазақ­стан­дықтарды біріктіріп, ар-ожданын орнықтырып, қоғам­дағы келісімді нығайтады. Бұл - көмек пен қамқорлыққа мұқтаж адамдар­дың барлығына шынайы тұрғыда көңіл аударылатын қайырым­дылық пен мейірімділік күні. Осы мереке барлығыңызға қуанышты көңіл-күй, шынайы махаббат пен достық, биік рухани байлық әкелсін!

Баршаңызды Рождество мере­кесімен құттықтаймын! Сіздерге, қымбатты менің отандастарым, зор денсаулық, бейбітшілік, тыныштық және игілік тілеймін».

Нұрсұлтан Назарбаев

Соңғы жаңалықтар