Елбасының шақыруымен Қазақстанға бір күндік жұмыс сапарымен Қырғызстан Президенті келді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бүгін Астанаға бір күндік жұмыс сапарымен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев келді.
None
None

Бұл туралы Қырғызстан Басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

А.Атамбаев мемлекеттер арасындағы ықпалдастық процестер мәселелері талқыланатын Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің президенттері Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын өткізеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Астанаға сондай-ақ Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев пен Украина Президенті Виктор Янукович те келеді. Толығырақ.

Соңғы жаңалықтар