17:58, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Елбасының сұхбаты отандық телеарналардан көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 21:30-да отандық телеарналардан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатының толық нұсқасы көрсетіледі. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы отандық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.
Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.