Елбасының сындарлы саясаты арқасында ауыл тұрғындары жаңа үйлерге кіріп, өркениет игіліктеріне қол жеткізіп отыр - БҚО

ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасының сындарлы саясаты арқасында ауыл тұрғындары жаңа үйлерге кіріп, өркениет игіліктеріне қол жеткізіп отыр.
None
None

Бұл туралы БҚО-ның Қазталов ауданында жаңа үйлерді пайдалануға беру рәсімінде айтылды.

Өткен жылы республикалық бюджеттен ауданға тұрғын үй құрылысы үшін бір пәтерлі төрт үй салуға қаржы бөлінген болатын. Үйлер мемлекеттік қызметкерлерге берілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Жалпақтал ауылынан үш пәтерлі бір үй, Қазталов ауылынан бір пәтерлі үй және үш пәтерлі төрт үй салынды. Аталған үйлер кезектегі және пәтерлері жөндеуге келмейтін отбасыларына берілді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жаңа қоныс иелеріне аудан әкімінің орынбасары Сәрсенбай Молдашев пәтер кілтін салтанатты түрде тапсырып, оларға бақыт пен береке тіледі. Сондай-ақ жаңа қожайындарды Қазталов ауылдық округінің әкімі Гүлзада Ізімова, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы Жанболат Ғұсманов құттықтады.

Қуаныш иелері атынан сөз алған дәрігер Файма Ғұмарова мемлекеттің аялы қамқорлығы үшін алғысын жеткізді. Баспаналы болғандардың арасында түрлі мамандық иелері, мүгедек және жалғыз басты аналар да бар.

Соңғы жаңалықтар