Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» қазақтың әрбір азаматын ойландыруы тиіс - Қ. Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жария еткен «Тәуелсіздік толғауында» әрбір қазақстандықтың қасиетті Тәуелсіздік ұғымын тереңірек түсінуге ұмтылуы жөнінде айтылған. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов білдірді.
None
None

«Кеше Елбасы қазақтың әрбір азаматын ойландыратын, бейжай қалдырмайтын «Тәуелсіздік толғауын» жариялады. Осы «Тәуелсіздік толғауының» мазмұнында әрбір қазақстандықтың қасиетті Тәуелсіздік ұғымын тереңірек түсінуге ұмтылуы және болашақта оны жүзеге асыруда әркімнің шын мәнінде өзіне тұғырлы ту ретінде көтеруі жөнінде айтты. «Тәуелсіздік толғауында» Елбасы мемлекетіміздің бейбітшілік пен келісімде өмір сүру керектігін айтты және өз болашағымызды өз қолымызбен жасау мүмкіндігіне ие болғанымызға тоқталып, болашақта Қазақстанымыздың жаһандық кеңістікте жарық жұлдызға айналуына жағдай туғызу үшін халықтың бірлігі керек екендігіне айрықша екпін берді», - деп атап өтті Қ. Сұлтанов.

Тәуелсіздік біздің мәңгілік ұстанымымыз екеніне тоқталған депутат «Мәңгілік Ел идеясы Қазақстан-2050 стратегиясында айтылды» деді.

«Елбасы Мәңгілік Ел Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы екеніне айрықша мән берді. Сондықтан кешегі Президенттің сөзін, «Тәуелсіздік толғауы» деген ең соңғы бөлімін мектептердің оқулықтарына енгізіп, оқу сағаттарында, сынып сабақтарында оқытып, кеңінен насихаттау, әрбір оқушының санасын ояту қажет деп ойлаймын. Оқулықтарға, оларға қосымша көрнекі құралдарда, барлық баспасөз беттерінде осы «Тәуелсіздік толғауын» жариялау қажет деп есептеймін. Оны Қазақстанның әрбір азаматы жүрегімен қабылдап, жауапкершілігін түсінуі қажет. Оны ұстаздар, оқушылар көкірегімен қабылдаса, халықтың санасы да, сапасы да жақсара түседі. Тәуелсіздікке деген жауапкершілік те арта түседі деп ойлаймын», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар