Елбасының Тәуелсіздік туралы идеяларын барлық мектептер мен ЖОО бағдарламаларына енгізуді ұсынамыз - Жазушылар одағының үндеуі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жазушылар одағы Мемлекет басшысының Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңындағы салтанатты жиналыста айтқан идеяларын толық қолдайды.
None
None

Қазақстан Президенті өзінің сөйлеген тарихи сөзінде Тәуелсіздік туралы ой-толғауларын халықпен бөлісті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жыл сайын біз халықтың 1991 жылғы 16 жел­тоқ­санда жасаған таңдауының сарқылмас тари­хи күшін барған сайын терең ұғынып келеміз.

Тәуелсіздік - халқымыздың басты құндылығы. Елбасының барлық қазақ­стан­дықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек етуге, қоғамымыздың жалпы құндылықтарын: Бейбітшілікті, Келісім мен Бірлікті бағалауға және нығайтуға, ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға және дамытуға шақыратындығы сондықтан.

Біз Тәуелсіздіктің сарқылмас құнды­лық­тарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру маңызды деп есептейміз және Мемлекет басшысының Тәуелсіздік туралы идеяларын еліміздің барлық мектептері мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізуді ұсынамыз.

Біздің мақсатымыз бір - «Мәңгілік Елді», еліміздің Тәуелсіздігі мен жалпыұлттық бірлігімізді нығайту, делінген «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Жазушылар одағының үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар