Елбасының терең білімділігі мен көп жайттан хабардарлығы маған қатты әсер етті - Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры М. Бегентаев

ПАВЛОДАР.  Қарашаның  14-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Елбасының     терең білімділігі  мен      көп жайттан     хабардарлығы  маған        қатты әсер етті,
None
None

 дейді    С.Торайғыров атындағы   Павлодар  мемлекеттік   университетінің  проректоры    Мейрам Бегентаев.

 «Н. Назарбаев    халықаралық  жағдай    мен   республикадағы   жағдай  туралы жақсы   хабардар.     Оның    жауаптары      жаһандық      ауқымдағы  мәселелермен  қоса,   нақты адамдардың проблемалары мен тұрмыстық мәселелерін   қамтыды.

 Мен     білім  саласымен  айналысатын болғандықтан,  маған  ол  кісінің  жастарға берген  жауаптары    қызықты  болды.  Мемлекет басшысының    жастарға   айтқан   үндеуі де    нақты:    жақсы  оқы,   білікті  маман  атан,  сонда  қоғам сені бағалайды.     Ал ол мақсатқа жету үшін,   бай  болу міндетті емес. 

 «Елбасының  тікелей    желі»   бағдарламасын  мен  университетте  ұжыммен бірге көрдім. Содан кейін    әкеме  бардым,  ол      қазір зейнетте, кезінде    бас агроном  болып    жұмыс істеген.  Ол  кісі  елімізде  болып жатқан  барлық  нәрседен     хабардар, Президенттің        айтқандарын      өте  мұқият тыңдапты.    Біз    пікір алмастық.  Мемлекет басшысының     дүниетанымының  кеңдігі,   көп жайттан хабардарлығы бізді  тәнті етті.    Әкеміз  екеуміз,  республикамыздың     Елбасымен    жолы  болып  отыр  деп  санаймыз», дейді Мейрам Бегентаев.

Соңғы жаңалықтар