Елбасының ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік деген тармағында айтқан тұжырымдары үлкен ой салды

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам жөнінде жаңа бағыттарды белгілеп берді. Мұнда жаңа жаһандық дағдарыстар кезінде елімізді ілгері дамыту үшін кәсіби мемлекет құру мәселесі айтылады.
«Елбасы: «100 қадам - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» деп атап көрсетті.Сондықтан бұл жаңа жоспар жаңа асуларды бағындыруға бағытталатын тың бастамалар болып табылады.
Ел Мемлекет басшысының әр сөзін жақсылыққа балайды. Жаһанда дағдарыс есік қағып тұрғанда, оны айналып өту оңай шаруа емес. Елін ойлаған, халқын ойлаған Елбасымыз тұрғанда, біздің биігіміз ешқашан аласармайды деген ойдамын.
Елбасының аталған ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік деген тармағында айтқан тұжырымдары үлкен ой салды. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады деп айтылады. Расында да биылғы жылдың Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Бүгінгі күні Қазақстанды Достығы жарасқан ел ретінде барлығы таниды да, біледі де. Қазақстаннан көп елдер үлгі алуға ынтық. Бұл бізге Ассамблея арқылы туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Оған еш күмән жоқ.
Елбасы айтқандай, шынымен де, бір-бірімізге жақын болу еліміздің кемел болашағының кепілі болмақ. Ұлтаралық келісім - мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі. Құт қонған жерге инвестиция да, туристер де келетіні айдан анық.
Міне, бүгінгі бағдарламаның астарында осы жайлар жатыр. Елбасының бұл жаңа бағдарламасы сөз жоқ жұртшылықтың қолдауын табады. Ең бастысы, оны жергілікті жерде орындауға мүдделі органдар алдыңғы қатардан көрінсе дейміз. Себебі, бүгін істейтін істі ертеңге ысырып қоятындар да бар ғой. Ендеше біз бәріміз ортақ мүдде жолында қызмет істеуіміз керек», - дейді Александр Суховецкий.