Елбасының Үндістанға сапары барысында екі елдің іскер топ өкілдері қатысатын инвестициялық бизнес-форум өткізіледі

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қаңтардың 23-26-сы аралығында өтетін Елбасының Үндістанға ресми сапары барысында екі елдің іскер топ өкілдері қатысатын инвестициялық бизнес-форум өткізіледі деп жоспарлануда.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік сапар аясында жоспарланған бұл инвестициялық бизнес-форумның мақсаты екіжақты іскерлік қарым-қатынастарды арттыру және болашағы бар ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін қарастыру болып табылады. Айта кететін жайт, Астана Орталық Азиядағы Нью-Делидің ірі сауда әріптесі болып табылады. Қазақстан-үнді сауда айналымы Үндістанның аймақтағы елдермен сауда қатынастарының жартысынан көбін құрайды. Сонымен бірге, қазіргі таңда Үндістан Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысты бастамаларды қолдап, бұл шараларға белсенді түрде қатысып келеді», деді Е. Ашықбаев.
Соңғы жаңалықтар