08:44, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Елбасының Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы Жарлығы шықты
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы Жарлығы шықты.

ҚазАқпарат Жарлықтың толық мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ханой қаласында (Вьетнам Социалистік Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қараша. № 688