Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамы жөніндегі келелі ойлары адамзат қоғамын тұйыққа тіреген тұтыну, масылдық пиғыл дертінен арылуға дер уақытында ұсынылған қазақстандықтардың үлесі - Қ.Көшербаев

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамы жөніндегі келелі ойлары адамзат қоғамын тұйыққа тіреген тұтыну, масылдық пиғыл дертінен арылуға дер уақытында ұсынылған қазақстандықтардың үлесі.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан «Әлеуметтік қауіпсіздік және БАҚ» тақырыбындағы семинар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев айтты.

«Әлеуметтік қауіпсіздік және бұқаралық ақпарат құралдары» семинарының жұмысына сәттілік тілейтіндігін атап өткен ол: «Әлеуметтік мәселелер туралы әңгіме басында өздеріңізге белгілі Елбасы Н.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 10 шілдесінде баспасөзде жарияланған әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне арналған жалпыға ортақ еңбек қоғамы жөніндегі келелі ойлары еліміздің қоғамдық дамуына ерекше серпіліс беретін құжат деп қабылдануда екенін атап өткен жөн»,-  деді.

Бұл орайда Үкімет басшысының орынбасары қазір адамзат қоғамының үлкен бөлігі өз болмысын жаратқан жолдан адасып, қоғамның негізгі даму заңдылығынан жаңылып қалғандығына өкініш білдірді.

«Ал аталған еңбек қоғамы идеясында айтылған Елбасының ойлары мен тапсырмалары негізінен Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртуға бағытталғанымен, ол адамзат қоғамын тұйыққа тіреген тұтыну, масылдық пиғыл дертіне жауап іздеген қазақстандықтардың үлесі десек артық болмас», - деді Қ.Көшербаев.

Соңғы жаңалықтар