Елбасының жаңа валютаға қатысты идеясын танымал экономистер де қолдап отыр

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Әлем экономикасының болашағы, сөз жоқ, жаңа валютада. Бұл идеяның өміршеңдігін қазір әлемнің танымал деген экономистері қуаттап отыр. Жақында бұл бастаманы әйгілі олигарх Джордж Сорос та қолдады», деді Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Әсет Исекешов.
None
None
Бұл пікірін ол бүгін «Нұр Отан» партиясының «Өрлеу» экономикалық клубының мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында әлемдік қаржы дағдарысы мен оған қатысты елде қалыптасқан мәселелер жөнінде сөз қозғаған Президенттің көмекшісі «Дағдарыс жайында сөз қозғағанда мен Елбасының Ресейлік басылымдардың бірінде жариялаған «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласын еріксіз еске аламын. Елбасы онда жаһанға танымал тұлға ретінде жаңа, тың инновациялық идея ұсынды. Давос форумына қатысқан әлемнің атақты экономистерінің ешқайсысы да дағдарыс мәселесіне қатысты тұшымды пікір айта алмады. Мәселе талқыланды, «косметикалық» деуге келетін көптеген пікірлер білдірілді. Ал Н. Назарбаев көтерген бастамаға сәйкес, қазіргі қалыптасқан проблемаларды тек «косметикалық» шаралармен шешу мүмкін емес. Сондықтан да Елбасы қаншалықты қиын екендігіне қарамастан, бізге жаңа заман талаптарын ескере отырып, жаңа валюта енгізу мәселесін қолға алу керек, деп атап көрсетті», деді Ә.Исекешов.
Соңғы жаңалықтар