Елбасының Жарлығымен Отан қорғаушы күнінде 101 адам марапатталады

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Отан қорғаушы күні аясында еліміз бойынша 101 адам Мемлекеттік наградалармен марапатталады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада таратылған мәліметтерде айтылды.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Президенттің Күзет қызметі, Республикалық ұлан, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің ұсыныстары бойынша барлығы 101 адам награтталды»,-делінген бұл мәліметтерде.

Олардың ішінде І дәрежелі «Даңқ» орденімен - 3 адам, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен - 5, І дәрежелі «Айбын» орденімен - 2, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен - 25, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен - 7, «Құрмет» орденімен - 9, «Ерлігі үшін» медалімен - 8, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен - 31, «Ерен еңбегі үшін»  медалімен - 9, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен - 2 адам атап өтілді.

Айта кетейік, Отан құрғаушы күні қарсаңында  Елбасының Жарлығымен елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бір топ әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстанның Мемлекеттік наградаларымен марапатталады.

Мемлекеттік наградаларға ие болғандардың арасында, сондай-ақ адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда ержүректік пен жанқиярлық көрсеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де бар.

Соңғы жаңалықтар