Елбасының «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы құрылысын бастауға рұқсат бергенін қызылордалықтар зор қуаныш үстінде қарсы алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Елордада өтіп жатқан Индустриялық форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының құрылысын бастауға берген рұқсатын қызылордалықтар зор қанағаттанғандықпен үлкен қуаныш үстінде қарсы алды.

«Бұл жолдың ғасырлық салмағы бар. Елбасы ол туралы өзінің биылғы Жолдауында айтып өткен еді. Енді, міне, сол күн туды. Ақсарбас! Осы жол салына бастағаннан Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының мыңдаған адамдары өздеріне жұмыс табады. Ал жол құрылысы бітіп, пайдалануға берілгенде оның бойында қаншама стансалар мен бекеттер пайда болып, ел орнай бастайды. Бұл Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батыс өңірін жалғастырады. Біз осы жолдың басталғанын зор қуанышпен қарсы аламыз», деді осы сағаттарда бізбен байланысқа шыққан Арал қаласының тұрғыны Жәли Байтұрғанов.

Расында да, жобалық құны 700 млрд. теңге тұратын бұл жолдың арқасында Қазақстанның көптеген аймақтарының экономикасы өркендей бастайтыны қазірдің өзінде белгілі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар