Елбасының Жолдаулары болашаққа деген талпынысымен ерекшеленеді - Тараз кітапхана жүйесінің директоры
дейді Тараздың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анна Ким.
Оның пікірінше, Елбасының Қазақстан халқына жаңа Жолдауы да осынысымен ерекшеленеді. «Жолдау мәтінінде әбден елеп-екшелген мемлекеттік ауқымды жоспарлар мен жобалар беріліп отыр және осынау бастамаларды халықтың қолдайтындығына деген Елбасының нық сенімі сезіледі», деп санайды А.Ким.
Әсіресе, әлеуметтік жаңарту топтамасы, атап айтқанда, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту, халықтың тұрмысын жақсарту саласындағы жаңартулар көңілге қуаныш сыйлайды, дейді А.Ким ханым.
«Елбасы сондай-ақ, 2011 жылды Тәуелсіздіктің 20 жылдық жылы деп жариялады. Біз, кітапханашылар өз жұмысымызда «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранын ұстанатын боламыз, Тәуелсіздіктің мерейтойын тойлауға қазірден бастап атсалыса бастаймыз», дейді Тараздың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анна Ким.