Эльбруста аспалы жолдағы апат салдарынан екі адам мерт болып, тоғызы жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM - Эльбруста аспалы жолдағы апат салдарынан екі адам мерт болып, тоғызы жарақат алды. Қабарда-Балқар билігінің мәліметтеріне қарағанда, апатқа арқан жүретін дөңгелектің істен шығуы себеп болған.

Эльбруста аспалы жолдағы апат
Фото: gumbao / Shutterstock/rbc.ru

АЗЕРТАДЖ-дың хабарлауынша, зардап шеккен адамдар 3,8 мың метр биіктіктен эвакуацияланып, өңірдің ауруханаларына жеткізілді.

Өңірлік денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, денсаулық сақтау мекемелері жарақат алғандарды қабылдауға дайындалды.

Қабарда-Балқар Тергеуі комитеті екі адамның өліміне себепші болған талапқа сай келмейтін қызмет көрсету ісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аспалы жолдың иесі «МКД Эльбрус» ААҚ.

3-24 қыоркүйек аралығында аталған нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғаны хабарланып отыр.

Осыған дейін Италияда аспалы жолдың арқаны үзіліп кетіп, 12 адам қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар