Ел чемпионатындағы үздік боксшылар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы төмендегідей:
50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5.
55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5.
60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов (Павлодар облысы) — 1:4.
65 келі: Ертуған Зейнулинов (Алматы облысы) — Санатали Төлтаев (Манғыстау облысы) — 1:4.
70 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) — Фаррух Тохтасынов (Алматы қаласы) — 5:0.
75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы) — Тимур Нұрсейітов (Астана). Екінші раундта Аққалықов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
80 келі: Ерасыл Жакпеков (Абай облысы) — Диас Молжігітов (Жамбыл облысы). Бірінші раундта Жакпеков техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түсті.
85 келі: Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы) -Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қаласы) — 5:0.
90 келі: Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) — Нұрмағамбет Юсупов (Қарағанды облысы) — 3:2.
90 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай (Туркістан облысы) — Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы). Қарсыласының бас тартуына байланысты Нұрлан Сапарбай жеңіске жетті.
Әйелдер арасындағы финалдық айқастың қорытындысы төмендегідей:
48 келі: Айгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) — Әнел Кұдайберген (Жетісу облысы) — 5:0.
51 келі: Жазира Орақбаева (Алматы қаласы) — Анита Адишева (Қарағанды облысы) — 5:0.
54 келі: Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы) -Элина Базарова (Шымкент қаласы) — 1:4.
57 келі: Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) -Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) — 5:0.
60 келі: Римма Волосенко (Астана қаласы) — Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы) — 4:1.
65 келі: Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы) — Лаура Есенгелді (Шымкент қаласы) — 1:4.
70 келі: Мәдина Нұршаева (Шымкент қаласы) — Бақыт Сейдиш (Алматы қаласы) — 3:2.
75 келі: Валентина Хальзова (Астана қаласы) — Мария Сидоренко (Жетысу облысы) — 5:0.
80 келі: Надежда Рябец (Қостанай облысы) — Анастасия Рылина (Қостанай облысы). Бірінші раундта Надежда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова (Ақмола облысы) — Әсел Тоқтасын (Алматы қаласы) — 4:1.
Сондай-ақ Қарағанды облысының атынан сынға түскен Сабыржан Аққалықов Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы үздік боксшысы атағын иеленді. Ал Алматы қаласының өкілі Жазира Орақбаева Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы үздік боксшысы болды. Арман Бүркітбаев ел біріншілігінің үздік төрешісі атанды.
Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы көш бастаса, Алматы қаласы 2-орын, Шымкент қаласы 3-орын алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтетінін жазған едік,