Елдана Тәліпова әлем кубогы финалында үндістандық боксшыға есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс медаль алды.

Әлем кубогы: Елдана Тәліпова жартылай финалға шықты
Фото: ҚР ҰОК

Финалда Елдана үндістандық Нупурмен кездесті. Бірінші кезең төрешілер қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Екінші кезеңде қарсыластың белсенділігі байқалды.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Енді кешкі сессияда финалда Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.

Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар