Елдана Тәліпова қарсыласы Селин Ли-Лоны жеңіп, жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық былғары қолғап шебері Елдана Тәліпова Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

Елдана Тәліпова
Фото: olympic.kz

Әйелдер арасында аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жатқан бұрымды боксшымыз әлем біріншілігіндегі алғашқы айқасын Жаңа Зеландия өкіліне қарсы өткізді. 

Отандасымыз 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан 13 боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік.

Сондай-ақ бұған дейін Виктория Графееваның жартылай финалға өткенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар