Елдана Тәліпова Таиландтағы турнирде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) алтын медаль алды. Ол финалда үндістандық Киранмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді.

Елдана Тәліпова
Фото: olympic.kz

Сондай-ақ әйелдер құрамасынан Виктория Графеева 60 келі салмақта алтын алса, Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) финалда қарсыластарына есе жіберді. 

Ерлер құрамасынан боксшылар 2 алтын, 5 күміс алды. Құрама сапынан Диас Молжігітов(80 келі) мен Төрехан Сабырхан (70 келі) халықаралық турнирде чемпион атанды. Ал Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтті. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар