Елде алғаш рет эпидемиологиялық онлайн-карта әзірленді
АСТАНА. KAZINFORM — Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 2025 жылғы жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
2025 жылы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және емес аурулар мен қауіп факторларының алдын алуды дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастырды.
Орталықтың қызметі деректерді талдауға, қатерлердің тұрақты мониторингіне және мемлекеттік органдар үшін басқарушылық шешімдерді дайындауға негізделді.
Орталықтың құрылымында негізгі бағыттар бойынша алты зертхана жұмыс істейді:
- вирусология,
- бактериология,
- паразитология,
- аса қауіпті инфекциялар,
- химиялық-токсикологиялық зерттеулер,
- радиациялық қауіпсіздік және геномдық реттілік.
2025 жылы 1500-ден астам зерттеу мен реттілік жүргізілді. Айналымдағы штамдар мен халықаралық эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізіледі. Тәулік бойы талдамалық мониторинг орталық жұмысының маңызды бөлігі болып қала береді.
2025 жылы COVID-19, көкжөтел, қызылша, ЖРВИ, тұмау, пневмония, сондай-ақ халықаралық эпидемиологиялық жағдай, даму болжамдары мен сценарийлері бойынша 1600-ден астам талдамалық және ақпараттық материалдар дайындалды. Нақты уақыт режимінде ел ішінде де, одан тыс жерлерде де, оның ішінде Қазақстан азаматтары баратын мемлекеттерде де жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін эпидемиологиялық онлайн-карта пайдалануға берілді.
Бұдан бұрын Жамбыл облысында жедел жәрдем көліктері қарға батып қалып жатқанын жазған едік.