Әйелдерге арналған вагоны бар жолаушылар пойызының саны 12-ге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — «Орал — Маңғыстау» пойызына қосымша әйелдер вагоны енгізіледі. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов айтты.

— 1 маусымнан бастап № 614/613 «Орал — Маңғыстау» пойызына қосымша әйелдер вагоны енгізіледі. Осылайша, жаңа вагонның енгізілуімен «Әйелдер вагоны» қызметі ұсынылатын маршруттар саны 12-ге жетеді, — деді ол ОКҚ алаңында.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 11 жолаушылар пойызында әйелдер вагоны бар. Олар:
* № 77/78 «Алматы — Маңғыстау»,
* № 351/352 «Алматы — Маңғыстау»,
* № 45/46 «Павлодар — Түркістан»,
* № 37/38 «Маңғыстау — Семей»,
* № 47/48 «Атырау — Астана»,
* № 33/34 «Ақтөбе — Алматы»,
* № 4/3 «Астана — Алматы»,
* № 71/72 «Астана — Шымкент»,
* № 354/353 «Астана — Семей»,
* № 24/23 «Ақтөбе — Алматы»,
* № 25/26 «Алматы — Шымкент»,
* № 614/613 «Орал — Маңғыстау».
Әйелдер вагондарына билет тек әйел адамдарға сатылады, онда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, бұл вагондармен 7 жасқа дейінгі ер балалардың қатынауына рұқсат беріледі.
Сондай-ақ елімізде алдағы маусым және қыркүйек айларында екі жаңа электропойыз бағдары ашылады.
Одан бөлек 7 маусымға дейін Сиань–Алматы бағытында жолаушылар пойызы қатынайды.