Елде бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

погода, снег, қар, ауа райы
Фото: Александр Павский / Kazinform

— Елдің солтүстік-шығысында және орталығында қалың қар жауады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей кездері күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман күтіледі, ал солтүстік өңірлерде боран болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Елдің көптеген облысында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:

Батыста түнде 15–28° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 2–13° аяздан 0–10° жылуға дейін;

Оңтүстік-батыста түнде 8–16° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 0–8° аяздан 5–13° жылуға дейін;

Солтүстік-батыста түнде 22–33° аяздан 2–10° аязға дейін, күндіз 15–20° аяздан 2° аяз–3° жылуға дейін;

Солтүстікте түнде 15–33° аяздан 10–23° аязға дейін, күндіз 15–25° аяздан 0–7° аязға дейін;

Орталықта түнде температура 2–15° аяздан 15–30° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 10–21° аязға дейін жоғарылайды; күндіз 2–15° аяздан 10–20° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 0–10° аязға дейін көтеріледі;

Шығыста түнде 0–8° аяздан 15–30° аязға дейін төмендеп, күндіз 2° аяз–3° жылудан 3–18° аязға дейін;

Оңтүстікте түнде 2–21° аяздан 7–23° аязға дейін төмендеп, күндіз 13° аяз–5° жылудан 0–5° жылуға дейін;

Оңтүстік-шығыста түнде 11° аяз–5° жылудан 10–28° аязға дейін төмендеп, күндіз 6° аяз–7° жылудан 0–15° аязға дейін болады.

Бұған дейін Атырау облысында бірқатар бағыттағы жолда көлік қозғалысы шектелгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум