Елде қандай азық-түлік пен қызмет түрінің бағасы өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық индексі 1,2% (2025 жылғы наурызда – 1,3%). Ақылы қызметтердің бағасы – 1,9%, азық-түлік тауарлары– 1,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті.

Азық-түлік нарық жемістер көкөністер
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Тарифтер тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығаруға 4,5% өсті. Монша қызметтері — 5%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері — 2,6%, қоғамдық тамақтану қызметтері 2% қымбаттады. Бағалар интернет-байланыс және кинотеатрлар қызметтеріне — 4%-дан, санаторий қызметтеріне — 3,8%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттері қызметтеріне — 2,5%, стоматологиялық қызметтерге 2,1% өсті, — делінген Ұлттық статистика хабарламасында.

Бағасы өскен азық-түліктер

Азық-түлік тауарларынан баға қырыққабат — 20,2%, қызылша — 11,7%, басты пияз — 11,5%, сәбіз — 9,2%, картоп, лимон — 7,1%-дан, зәйтүн майы — 6,6%, жүзім — 6,5%, тәтті бұрыш — 5,9%, тұздалған майшабақ — 4%, қой еті — 3,3%, сиыр еті, қант 2,2%-ға өсті.

Бағасы төмендеген азық-түліктер

Баға қияр — 14,3%, қызанақ — 5%, сұлы жармасы — 4,3%, апельсин — 2%, күріш — 0,4%, жұмыртқа 0,3%-ға төмендеді.

— Сәуір айында бағаның алтын неке сақинасы — 2,3%, киім мен аяқ киім — 1%, дәрі-дәрмектер 0,5%-ға өсуі байқалды. Дизель отыны 1,1% қымбаттады, — делінген хабарламада.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Түркістан облысында және Алматы, Шымкент қалаларында — 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,3 п. т. жоғары), ең төмені Ақмола облысында 0,7% тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде бәрінен бұрын бағалар азық-түлік тауарларына Солтүстік Қазақстан облысында 1,9%, азық-түлік емес тауарларға — Қызылорда облысында 1,1%, ақылы қызметтерге — Түркістан облысында 3,7% өсті.

2025 жылғы сәуірде жылдық мәнде инфляция деңгейі 10,7%. Бағалар ақылы қызметтерге — 15,7%, азық-түлік емес тауарларға — 8,9%, азық-түлік тауарларына 8,5% жоғарылады.

Айта кетелік Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар