Елде қанша автокөлік бар

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы шілдеде 169,9 мың автокөлік құралы есепке қойылды, осылайша 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 629 мың болды. Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті хабарлады. 

Елде қанша автокөлік бар
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 7,1%, дизель отынымен жүретін көліктердің үлесі – 7%, көліктердің жалпы санынан газ баллонды көліктердің үлесі 0,3% құрады, тағы 20 775 бірлік көлік электр қуатымен жүреді және жалпы автокөліктердің 0,3% құрайды.

Сонымен қатар тіркелген көлік құралдарының жалпы санынан ең көп үлесті (37,5%) қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көліктер. Мұндай көліктердің басым бөлігі Алматы облысында – 259,3 мың, Алматы – 248,9 мың және Астана қалаларында – 196,5 мың.

Айта кетелік елде ақылы автожолдарды тегін пайдаланатын көлік санаттары белгілі болды

Соңғы жаңалықтар