Елде қай банкнотаны жиі қолдан жасайды

АСТАНА. KAZINFORM —  Ұлттық банк мен екінші деңгейлі банктер 2025 жылы 1 122 150 теңгенің 206 жалған ақша белгісін (203 банкнота және 3 монета) анықтады. 

АФМ
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Бұл 2024 жылмен (108 жалған ақша белгісі) салыстырғанда 90,7%-ға көп.

— Қолдан көп жасалғаны — номиналы 5 000 теңгелік банкнота — 174 дана. Анықталған жалған ақшалардың жалпы саны бойынша үлесі — 84,5%. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр — 22 дана (10,7%). 2 000 теңгелік банкнотадан 6 дана (2,9%) анықталса, 20 000 теңгеліктен — 1 дана (0,5%), қалған 1,4% — монеталар, — делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк шын ақшаны қолдан жасалған банкноталардан ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады.

Жалған банкнота әдетте жай ғана офсеттік қағаздан жасалады және компьютерлік техника мен түрлі түсті принтер қолданылады.

жалған ақша
Фото: ҰБ

Майда жазулар бұлдыр келеді және бірнеше есе үлкейткенде тану мүмкін емес.

жалған ақша
Фото: ҰБ
жалған ақша
Фото: ҰБ

Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. 

— Күмәнді, соның ішінде түр-түсі шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар кезіккен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар берген дұрыс, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Ұлттық банк доллар бағамының әлсіреу себебін түсіндірген еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум