22:22, 23 Шілде 2025 | GMT +5
Елде көкөніс және жеміс шырынының өндірісі артты
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өсті.

— Бес ай ішінде отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна өнім өндірді. Қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 60%, — делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Импорт көлемі де 13,6% артты. Есепті кезеңде елге 24,2 мың тонна шырын әкелінді.
Керісінше, экспорт 0,4% азайды, шетелге 1,3 мың тонна өнім жөнелтілді.
Ішкі нарықтағы тұтыну 9,3% өсіп, 59,3 мың тоннаға жетті. Ал 2024 жылдың қаңтар–мамырында бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған.
Айта кетелік елде шырын мен лимонад бағасы қанша екені туралы жазған едік.