Елде медицина қызметкерлерін ынталандыру тәртібі өзгеруі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін ынталандыру тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Жаңа түзетулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қызмет көрсететін мамандардың жұмысын бағалау тәртібін нақтылауды көздейді. 

врачи
Фото: Управление здравоохранения Кызылординской области

Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалауда қолданылатын ана өлімі көрсеткішін есептеу тәртібіне енгізілмек. Атап айтқанда, медициналық ұйымға тіркелген тұрғындар арасындағы ана өліміне байланысты қосалқы көрсеткіштердің жиынтық мәні үшін белгіленген аралықты 10–39 пайыздан 10–29 пайызға өзгерту ұсынылып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ұсынылған түзетулер тек техникалық сипатта. Олар көрсеткіштерді есептеудің бірыңғай тәртібін қалыптастыруға, есептеулердің дәлдігін арттыруға және есепті кезеңдегі нәтижелерді бағалау кезінде түсінбеушіліктердің алдын алуға бағытталған.

Бұл ретте медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалау мен оларды ынталандырудың негізгі қағидаттары өзгеріссіз қалады.

Құжат жобасы 2026 жылғы 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20,4%-ға азайғаны хабарланды.