Елде үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарған «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты. 

Дәріхана/дәрілер
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті бұйрығында айтылған.

— Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. Десилмакс дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын, — делінген бұйрықта.

Айта кетейік, бұл шешімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.

Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесіне дәріні қолданыстан шығару туралы тапсырма берілді. Бұйрықтың орындалуын фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы қадағалайды.

Бұған дейін, елде тегін және жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді сатқан фактілер жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар