Елде жуғыш заттар өндірісі артты

АСТАНА. KAZINFORM  — 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстанда жуғыш заттар өндірісі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4% артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Елде жуғыш заттар өндірісі артты
Фото: freepik.com

Жалпы өндіріс көлемі 22,9 мың тонна.

Жуғыш заттар импорты да 22,4% өсті. Өткен жылдың 11 айында елге 214,4 мың тонна өнім импортталды, ал 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында бұл көрсеткіш 175,1 мың тонна болған. Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы 47,5%.

Сонымен қатар, жуғыш заттар экспорты 1,3% қысқарды. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында 20,7 мың тонна өнім экспортталды.

Ішкі нарықта өткен жылдың 11 айында 410,2 мың тонна жуғыш зат сатылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4% көп. 

Айта кетелік Қазақстанда күмістің бағасы шарықтап тұр, ал өндірісі құлдырап барады

Соңғы жаңалықтар
Референдум