Елдегі ең ірі үш латифундист қай облыстардан жер алған
АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта елдегі ең ірі жер иеленушілердің қай облыстарда тіркелгенін мәлім етті.
- Солтүстік Қазақстан облысындағы заңды тұлға 25,3 мың гектар егістік жерге иелік етеді. Қостанай облысындағы заңды тұлғаның меншігінде жалпы ауданы 177,8 мың гектар (егістік – 116,4 мың га, жайылым –57,4 мың га) болатын шаруашылық жер учаскелері бар. Солтүстік Қазақстан облысындағы заңды тұлға 39,7 мың гектар егістік жерге иелік етеді, - деп жазылған жауапта.
Айта кету керек, қолданыстағы заңнамада жеке тұлғалар 35 мың гектардан, заңды тұлғалар 51 мың гектардан артық жер рәсімдей алмайтын норма бар. Бірақ аталған тұлғалар бұл заң нормасы қабылданғанға дейін жер иеленіп қойғандықтан, шектеудің оларға күші жүрмейді.
Ал қазір елімізде 1 299 жеке тұлға 35 мың гектардан астам жерге, ал 612 заңды тұлға 51 мың гектардан астам жерге иелік етеді. Осы жер иеленушілеріне тиесілі жерлерді пайдалану тиімділігін анықтау үшін толық түгендеу жүргізілген.