Елдегі қандай автожолдарда көлік қозғалысына шектеу бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде шектеулер енгізілді.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 9 қараша сағат 07:30–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:
Павлодар облысы:
* «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200–254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).
Ақмола облысы:
«Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18 — 232 шақырым аралығы (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Көлік қозғалысына шектеу бар
9 қараша сағат 08:00–дегі жағдай бойынша Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше учаскеде шектеу күшінде тұр:
* «Астана — Көкшетау (айналма жолымен) — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының Астанадан Щучинскіге дейінгі учаскесінде (18–232 шқ) жылдамдық режимі сағатына 110 шақырымнан 80 шақырымға дейін төмендетілді;
* «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының Жібек жолы кентінен Анар станциясына дейінгі учаскесінде (30–92 шқ) қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін шектелді;
* жаңбыр аралас қар жауып, температураның төмендеуіне байланысты «Көкшетау — Атбасар» автожолында (0–184 шқ) жазғы дөңгелек орнатылған автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Еске салайық, кеше елдің екі өңірінде жазғы дөңгелекпен жолға шыққандарға шектеу қойылды.