Елдің екі өңірінде жазғы дөңгелекпен жолға шыққандарға шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 8 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады.
«ҚазАвтоЖол»-дың хабарлауынша, шектеу сағат 17:20–дан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің барлық түріне қатысты енгізіледі.
Ақмола облысында:
-
«Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18-232-шақырым аралығы (Астанадан Щучинскке дейін);
-
«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200-шақырым аралығы (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысында:
-
«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-254-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).
Жолды 9 қараша сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін дөңгелегін қысқыға ауыстырмаған жүргізушілерге қанша айыппұл салынатыны жөнінде жазған едік.