Елдегі қаржы нарығының инфрақұрылымына қатысты өзгеріс болады

АСТАНА. KAZINFORM — Парламент Мәжілісі «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжатты талқылайды.

Мәжіліс
Фото: Kazinform

Аталған заң жобалары Мәжіліске 2025 жылғы 28 қарашада Үкімет қаулысымен енгізілді.

- Бұл құжаттар қаржы нарығының инфрақұрылымын ары қарай дамыту мақсатында әзірленді. Қазіргі кезде Қазақстанда ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту үшін құқықтық және институционалдық тетіктер қарастырылмаған. Осы орайда заң жобалары аясында тиісті жағдай жасаудың заңнамалық негізі құрылады. Бұл құжаттарда рейтингілік қызметтің негізгі принциптері, кредиттік рейтингілік агенттіктердің қызметіне талаптар бекітіледі, сондай-ақ өкілетті орган тарапынан оларды реттеу мен бақылаудың режимін айқындау ескерілген, - деді депутат Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, заң жобаларында қарастырылған қадамдар қаржы ұйымдарының ашықтығын арттыру мен оларға деген сенімді көтеруге, тәуелсіз бағалау агенттіктері жұмысының тиімділігін жақсартуға бағытталған.

- Бұл іс-шаралар рейтингі жоғары бизнес субъектілеріне инвесторлар үшін тартымды болуға, олардың беделін нығайтуға және экономикаға қаражат бөлуді арттыруға ықпал етеді. Сондықтан Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.

Еске салсақ, Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық төлем стандартына көшті.

Соңғы жаңалықтар