Елдегі қай ЖОО-ларда суперкомпьютер орнатылған

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министріТалғат Ешенқұлов елдегі қай университтерде суперкомпьютер орнатылғанын және оларды кімдер пайдалана алатынын түсіндірді.

суперкомпьютер
Фото: freepik.com

— Университеттердің барлығы суперкомпьютерлерді пайдалана алады. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үлкен суперкомпьютерлер орнатылған, — деді Т. Ешенқұлов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол суперкомпьютер арқылы зерттеу жүргізгісі келетін кез келген ғалым аталған оқу орындарына бара алатынын айтты.

Сонымен қатар вице-министр болашақта суперкомпьютерлер басқа да университеттерге орнатылатынын жеткізді.

— Бүгінде орнатылған қуатты компьютерлер қазіргі деректерді өңдеуге жеткілікті. Бұл суперкомпьютерлердің техникалық сипаттамалары өте жоғары, — деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық Alem.Cloud әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді. 

Соңғы жаңалықтар