Елдегі барлық қаржы ұйымдардың жұмысы тоқтатылды -Ұлттық банк

«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірқатар өңірде күш құрылымдарының контртеррористік операция жүргізуіне және интернет жүйесіндегі уақытша іркілістерге байланысты, сондай-ақ, қызметкерлер мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін барлық қаржы ұйымдарының соның ішінде екінші деңгейлі банктердің Қазақстан қор биржасынан, бағалы қағаздардың орталық депозитариінің жұмысын 2022 жылғы 6 қаңтарда уақытша тоқтату қажеттігі туралы хабарлайды», - деді Ұлттық банктің баспасөз хатшысы «Хабар-24» телеарнасына берген ресми мәліметінде.
Сондай-ақ ол барша БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.
«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады», -деді Олжас Рамазанов.