Елдегі бүкіл оқу орындарының өртке қарсы қауіпсіздік деңгейі тексеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елдегі бүкіл оқу орындарының өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биылғы Орман және дала өрттерінің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, елдегі барлық оқу орындарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексерсін», - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, оқу орындарында сигнализацияның, гидранттар мен өрт сөндіргіштердің, өрт кезіндегі апаттық шығулардың жұмысқа жарамдылығы тексерілуі қажет.

«Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Сонымен қатар, халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт шыққан ғимаратта, дала және орман өрті кезінде қалай әрекет ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қырғыз Ресупбликасынан келетін су бойынша ешқандай тәуекел жоқ екенін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар