Елдегі инфляцияның айлық динамикасы төмендеп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар айында инфляция жылдық мәнде 20,7%-ға жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оның айтуынша, 2022 жылғы наурыз айындағы ең жоғары мәнге (3,7%) жеткен инфляцияның айлық динамикасы төмендеп келеді.

«Биылғы қаңтарда айлық инфляция біртіндеп 1,1%-ға дейін төмендеді. Бұған қарамастан, ол орташа жылдық мәннен едәуір асатын деңгейде қалып отыр. Жылдық мәнде инфляция биылғы қаңтарда 20,7%-ға жетті. Ал жылдық мәнде 25,7%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияның өсуіне көп үлес қосып отыр», - деді Б. Шолпанқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорт тауарларының қымбаттауы мен оларға сұраныстың сақталуына байланысты 20,2%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы 14,2%-ға жетті.

Сондай-ақ, логистиканың өзгеруіне, жоғары инфляциялық күтулерге, сұранысты фискалдық қолдауға және кредит берудің ұлғаюына байланысты инфляция өсуін жалғастырып келеді.

Айта кетейік, қаңтар айында теңгенің долларға қатысты бағамы 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды. Теңге бағамы әлемдік нарық пен геосаяси жағдайларға байланысты болады.


Соңғы жаңалықтар