Елден қашқаны үшін сотталып жатқан Серік Күдебаев процессуалдық келісім жасағысы келеді

Алматы облысының Кеген аудандық соты хабарлағандай, Серік Күдебаев тарапынан процессуалдық келісім жасау жөнінде өтініш түскен.
Осыған байланысты сот істі қарауды бір аптадан кейін, 18 шілдеде жалғастыратын болды.
Осы уақыт ішінде сотталушы мен оның қорғаушысы процессуалдық келісімнің жай-жапсарын талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев 28 сәуір күні 10 жылға сотталған болатын.
Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.
Ол биылғы 30 наурыз күнгі сот отырысына келмеді. Сондықтан оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шықты.
Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жариялады.
27 сәуірде Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.
Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.