Елді мекендерді су басу қаупі жоқ - ҚР ІІМ ТЖК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола және Қарағанды облыстарында су басу қаупі бар аумақтарда алдын алу шаралары мен қауіптерді жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысында тоғанның жарылуына байланысты Кенесары және Иванов тоғандарын және Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзенінің саласын бақылап отыратын бекеттер қойылды. 258 адам мен 20 арнайы техника жұмылдырылды. Тәулік бойы жедел штаб Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жасап отыр. Жағдай тұрақты», - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Комитет сонымен бірге Қарағанды облысындағы Бұқар Жырау, Шет, Абай, Осакаров, Нұра аудандарындағы тұрғылықты елді мекендерде қорғау дуалдарын бекіту, қаппен бекемдеу, инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

«Аталған аймақтарда тұрғылықты елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Су жайылу жағдайы тұрақты бақылауда», - деп хабарлайды комитеттен.

Соңғы жаңалықтар