Елді мекендердің алшақтығынан интернет-дүкендер дами алмай келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі күндік iPROF конференциясы өтіп жатыр. Оған Қазақстанның және жақын шет елдердің интернет коммерциясы саласында қызмет атқаратын мамандар жиналып, осы саланың маңызды мәселелерін талқылауда.
None
None

«Бұл конференция интернет-бизнеспен айналасатындар үшін, яғни интернет дүкендер, сервистер, web-қызметтер, логистика қызметтерінің мамандарына арналған. Интернет коммерция соңғы жылдары қарқынды дамып жатыр. Дегенмен, осы саланы дамытуға қатысты кітаптар аз-ақ. Сондықтан, бұл сектордың өкілдері жаңалықтарды, жаңа өзгерістерді осындай шараларда біліп, тәжірибе алмасу арқылы біліктілігін арттырады. Сәйкесінше, Ресей, Украина және Қытайдан келген мамандар қазақстандық әріптестерімен өзара тәжірибе алмасады», - деді Қазақстанның интернет бизнесі және мобильді коммерциясы Қауымдастығының президенті Константин Горожанкин.

Ол сонымен қатар, электронды коммерцияның (e-commerce) ешқандай дағдарысқа қарамастан дамитын сала екендігін жеткізді. Оның айтуынша, 2014 жылы елімізде 50 интернет дүкеннің теңгелік айналымы 70 пайызға өскен. Биыл да дағдарысқа қарамастан олардың теңгелік айналымы өседі деп күтіледі.

«Әрине, мәселелер жеткілікті. Олардың ішінде логистика саласын айтуға болады. Сол үшін де интернет дүкендер өз механизмдерін ойлап табуға тырысып жатыр. Бұл елімізде қалалар мен елді-мекендердің ара қашықтығының алшақ екендігіне байланысты. Сондықтан да логистикалық компаниялар дүкендер мен клиенттердің сұраныстарын лайықты қанағаттандыра алмай жатыр. Екінші мәселе, - банк карточкалары. Олар онлайн сатып алу жүйесінен оқшауландырылған. Яғни, карточкасы бар азаматтар онлайн арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болу үшін банкке барып осы үшін арыз жазуға және кезекте тұруға мәжбүр болады. Бұл да интернет коммерцияның дамуына тосқауыл екендігі рас», - деді К. Горожанкин.

Соңғы жаңалықтар