Елдің 11 айдағы жалпы ішкі өнімі 7, 5 пайызға өсті - Қ.Келімбетов

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Мемлекет басшысының үкімет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жыл басынан бастап экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік бергенін атап еткен ол : «Алдын ала бағалау бойынша қаңтар-қарашадағы жалпы ішкі өнім 7, 5 пайызға өсті. 11 айдың ішінде қысқа мерзімдік экономикалық индикатор 7, 53 пайызды құрады» - деді.
Министрдің атап өтуінше, тау-кен өндіру секторының 1, 6 пайыздық өсіміне қарағанда, өңдеуші өнеркәсіптің өндірісі 6, 7 пайыздық қарқынмен жоғары өсім көрсетіп отыр. Оның ішінде химия өнеркәсібінің өнімі - 22, 5, машина жасау, металлургия өнеркәсібі - 6, 7 пайыз өсім көрсетуде. «Толықтай алғанда өнеркәсіп өндірісінің өнімі 3, 8 пайызды құрайды», - деді Қ. Келімбетов.
Оның сөзіне қарағанда, өндіріс өсімінің жоғарғы қарқыны Астана қаласы мен Жамбыл облысында тіркелген.