Елдің басым аймағында құбылмалы күн райы сақталады

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда шаңды дауыл тұрады.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артуы мүмкін, бұршақ жауады. Солтүстік-Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Алматы, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғып, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Сондай-ақ Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.