Елдің күші - бақытты отбасы» республикалық жобасы табысты аяқталды (ФОТО)

«Еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларындағы 65 аулада «Елдің күші - бақытты отбасы» атты республикалық жобамыз сәтімен жүзеге асырылды. Мұндағы мақсат - көршіні көршімен таныстыру, ата-ананың баламен бірге ойнауына жағдай жасау. Өйткені бүгінде баланы да, ата-ананы да далаға шығару қиын. Яғни, ата-ана өз жұмысымен, ал бала компьютермен әлек. Осының салдарынан ата-ана мен бала арасындағы байланыс үзіліп бара жатқанын байқаймыз», - деді ол жобаның аяқталуына арналған салтанатты шара барысында.
Оның сөзіне қарағанда, республикалық шара аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, отбасылық командалардың қатысуымен көңілді байқаулар, сурет байқаулары мен командалық ойындар өткізілген.
Сонымен қатар шілде-тамыз айларында өткізілген шаралар барысында елге еңбегі сіңген бапкерлердің, спорт шеберлерінің шеберлік дәрістері өтіп, ел ішіндегі табысты әрі атақты адамдармен кездесулер ұйымдастырылған. Жалпы, осы жоба аясында балалар мен ата-аналарға арналған 770-тен астам іс-шара өткізілген.