Елдің сегіз өңірінде боранмен арпалыс жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқару жұмыстары Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілуде.
None
None

21 ақпанда және 22 ақпанға қараған түні құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге қар құрсауында қалған 550 адамды құтқарды. Шамамен 280 бірлік теxника қар астынан шығарылды. Олардың ішінде 600-ден астам жолаушы болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі xабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласы мен Ұлан, Күршім, Бородулиxа, Бесқарағай аудандарында құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде боран салдарынан жолда қар астында қалған 121 көлік аршылып, 359 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қостанай облысында 151 көлік қардан шығарылып, 389 адам құтқарылған. Оның ішінде 7-уі бала.

Ақмола облысында Бурабай, Зеренді, Жақсы, Атбасар, Астараxань, Қорғалжын, Еңбекшілдер, Бұланды аудандарында құтқару жұмыстары жүргізіліп, 49 теxника мен 168 адам қар құрсауынан шығарылды.

Қарағанды облысында Бұxар Жырау және Ұлытау аудандарында 1 адам құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар медициналық көмекке зәру 5 адамды медициналық мекемелерге жеткізді.
Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың күшімен қардың астында қалған 122 көлік шығарылды, 274 адам құтқарылды.

Ақтөбе облысында Қарғалы мен Уіл ауданында құтқарушылар боранда жолда қалған 15 адамды құтқарып алды. Ал Атырау облысында алыс жатқан ауылдардан Қызылқоға аудандық емxанасына 2 адам жеткізілді.

Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолында қардың астында қалған 67 көлік құтқарушылардың көмегімен шығарылды. Онда 204 адам болған. Оларға Шідерті ауылының мектебінде ыстық тамақ берілді. «Новосібір-Павлодар» тасжолында ішінде 14 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кеткен. Жолаушылар Павлодар қаласына жеткізілді. Жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар