Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды мемлекет құрылысымен теңестіруге болады - Н .Назарбаев

РАҒАНДЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды мемлекет құрылысымен теңестіруге болады, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысында инвестициялық жобаларды іске қосқаннан кейін.
None
None

Аймақтарға жұмыс сапарларының басты мақсаты ҮИИД бағдарламасының іске асуын бақылау болып табылады, деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

«Бұл міндетті мемлекет құрылысымен теңестіруге болады. Кеден одағына кіргеннен кейін Қазақстан КСРО кезінде шикізаттық ел болып келгені, Беларус - өндіріс бөлшектерін шығаратын ел болғаны, Ресейдің ғана толыққанды өнеркәсібі болғаны белгілі болды, бірақ та Ресей Федерациясының өзі Еуропадан едәуір артта қалып отыр», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

ҮИИД бағдарламасын жүзеге асырудың басты міндеттерінің бірі еңбек өнімділігін арттыру болмақ, деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

«Қанша адамның жұмыс істеуі маңызды емес, бірақ еңбектің өнімділігі бірінші орында. Еңбек өнімділігі техникалық прогресті алға сүйрейді», - деді Н. Назарбаев.

Басқа да маңызды тапсырмалардың бірі ретінде қазақстандық үлесті арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру және де аграрлық сектордың дамуы келелі міндеттер екендігін еске салып өтті ҚР Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін Елбасы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында авиациялық зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Одан кейін ҚР Президентінің қатысуымен телекөпір өткізілді, онда он-лайн режимінде инвестициялық және әлеуметтік жобалар іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар