18:00, 06 Қараша 2013 | GMT +5
Елдің және қоғамның дамуымен бірге Үкімет те өсуі тиіс - Мәжіліс депутаты
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Кедендік одақ елдерімен саудаға қатысты Президент - «қай мәселеде ұтып, қай мәселеде ұтыламыз, не істеу керектігіне прагматикалық экономикалық есептер, талдау жүргізуді» тапсырды, деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Оның айтуынша, Үкімет тарапынан мұндай есептер туралы әзірше анық ештеңе жоқ. Алайда, «Ақ жолдың» сарапшылары биылғы маусымда-ақ талдау жүргізген болатын, онда: Қазақстан жылдан жылға КО-тың басқа елдерімен салыстырғанда сауданың теріс сальдосын алуды жалғастырып келгені көрінеді. Мәселен, 2011 жылға ол 8,8 млрд.долларға, ал 2012 жылға - қазірдің өзінде 10,9 млрд. долларға өскен. Сонымен қатар, «алшақтық» беталыс ұлғайып барады, онсыз да артта қалып отырған қазақстандық экспорттың жалпы сомасы төмендеп келеді, ал импорттың басымдық сомасы өсуін жалғастыруда. Сараптама жасау үшін таңдалып алынған ірі позициялардың әрқайсысы жылына 150 млн. доллардан астам көлеміндегі өзара саудадан, Қазақстан 92-ден тек 17 позиция бойынша ғана тұрақты оң сальдосы бар. Яғни, осы тізімдегі өнімдердің түрлерінің қалған 82 % бойынша біздің экономика, тіпті Кедендік одақтың шеңберінің өзінде импортқа тәуелді болып табылады. «Бұл беталыстың сипаты айдан анық. Не істеу керектігін отандық бизнес және біздің фракция да әрдайым айтып келеді. Бірақ бізді еститін құлақ жоқ», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі А. Перуашев. Оның айтуынша, бұл тізімді әлі де ұзақ жалғастыра беруге болады. «Бірақ мен айтылғаннан туындайтын екі принципті мәселеге баспасөздің назар аударғанын қалар едім. Біріншіден, 11 қазандағы Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмалар, сын және нұсқамалар - Үкімет мүшелерінің алдын ала білуі мүмкін болмаған, қандай да бір аяқ астынан болған дүние емес. Бұл Президентпен егемендіктің барлық жылдарында дәйекті және жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан стратегиялық желі, ол өзіне әлеуметтік-экономикалық үздіксіз өрлеудің міндеттерін, сондай-ақ кәсіби және жауапты үкіметті қалыптастырудың міндеттерін де қосады. Бұл міндеттер ұзақ мерзімді, бірақ оларға атқарушы режімде бара-бар баға беру үшін Үкімет мүшелеріне кезекті қатты сөгулерді күтудің қажеті жоқ, тек қана 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын мұқият зерттеуі, және оларды өздерінің төл міндеттері сияқты қабылдауы керек. Өйткені елдің және қоғамның дамуымен бірге Үкімет те өсуі тиіс», - деп атап өтті ол. Ал екінші мәселе ретінде халық қалаулысы парламенттік бақылау және Президент әкімшілігі мен Үкіметтің парламенттік фракциялармен өзара әрекеттесуі шараларының қажеттілігін атады. «Оның үстіне мұны биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы теңгерімін көп партиялы парламенттің өкілеттігін күшейту жағына қарай теңестірудің пісіп-жетілген қажеттілігі туралы мемлекетке және қоғамға берілген дабыл деп түсіну керек», - дейді депутат.