Елдің басым бөлігін тұман басады — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 5 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялады.

зима, погода, ауа райы, қыз
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Бұрқасын соғып, жел күшейеді, кей өңірлерде көктайғақ болады.

Батыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігін тұман басады.

Елдің шығысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде жауын-шашын болып, боран соғады. Осы аймақтар мен Қызылорда облысында көктайғақ болады. 

Оңтүстік, солтүстік және орталық өңірлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. 

Айта кетейік, бүгін батыстың бірнеше өңірінде ауа сапасы төмендейді.

Соңғы жаңалықтар