Елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, сенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Ақмола облысында 7 маусым күні күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер болып, бұршақ жауып, дауылды тұрады. Түнде батысында және солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай болады. Солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын жел батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары болады. Көкшетауда 7 маусым күні күндіз найзағай, кейде бұршақ жауып өтеді.

Алматы облысында 7 маусым күні күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, ал солтүстігі мен батысында өрттің төтенше қаупі сақталады. Қонаевта 7 маусым күні күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Астанада 7 маусым күні таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ұлытау облысында 7 маусым күні күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда 7 маусым күні күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 16 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысында 7 маусым күні таулы аудандарда күндіз найзағай болады. Солтүстік пен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Талдықорғанда 7 маусым күні күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында 7 маусым түнде солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жуып, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Ақтөбеде 7 маусым күні кей уақытта найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында 7 маусым түнде оңтүстігі мен шығысында найзағай болады. Солтүстіктен соғатын жел түнде батысы, оңтүстігі және шығысында 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында 7 маусым күні солтүстігі, оңтүстігі және орталығында найзағай, дауыл, ал солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Түнде және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Өрттің төтенше қаупі сақталады. Қызылордада 7 маусым күні күндіз найзағай, шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с. Өрттің төтенше қаупі сақталады.

Атырау облысында 7 маусым күні күндіз оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Түнде батысы мен оңтүстігінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз оңтүстігінде 15-20 м/с. Солтүстік-батысы мен шығысында өрт қаупі жоғары болады. Атырауда 7 маусым күні күндіз найзағай болады. Өрттің төтенше қаупі сақталады.

Абай облысында 7 маусым күні күндіз оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Батысы, шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысында 7 маусым күні күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Батысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысында 7 маусым күні күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысы, шығысы мен оңтүстігінде найзағай және күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысы, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Орталығында, оңтүстік-шығыс пен солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Қостанайда 7 маусым күні солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с. 

Павлодар облысында 7 маусым күні күндіз батысы, солтүстігі, оңтүстігі және орталығында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары. Оңтүстік-батысында да жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 7 маусым күні күндіз найзағай болады. Өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында 7 маусым күні күндіз батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел батысы, оңтүстігі және орталығында 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары болады. Ақтауда 7 маусым күні күндіз қатты жаңбыр мен найзағай болады. Жел 15-18 м/с. Өрттің төтенше қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында 7 маусым күні күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Батысы, оңтүстігі және шығысында найзағай мен бұршақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен соғатын жел түнде батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, батысы мен оңтүстігінде 23-28 м/с. Петропавлда 7 маусым түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-25 м/с.

Жамбыл облысында 7 маусым күні батысы, оңтүстігі және таулы аудандарда найзағай болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан соғатын жел, сондай-ақ таулы аймақтарда 15-20 м/с, түнде 25 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары болады. Таразда 7 маусым күні кей уақытта найзағай болады. Өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысында 7 маусым күні оңтүстігі мен таулы аймақтарда найзағай, ал батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысы, солтүстігі, оңтүстігі, орталығы мен таулы аймақтарында 15-20, кейде 23 м/с. Орталығында, солтүстігі, батысы, оңтүстігі мен тау етегінде өрт қаупі жоғары болады. Шымкентте 7 маусым түнде және таңертең найзағай болады. Жел 15-20 м/с. Өрттің төтенше қаупі сақталады. Түркістанда 7 маусым күні кейде шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с. Өрттің төтенше қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар