Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Атырау облысында 10 маусымда облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз аптап ыстық болады: +35…+36°. Солтүстік-батыста, орталықта және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында түнде найзағай, күндіз +35° ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысы күндіз +35…+37° қатты ыстық болады. Солтүстікте жоғары, ал оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай болады. Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және орталықта жоғары, солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз найзағай, түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысы: Оңтүстік-шығыста найзағай болады. Орталықта жоғары, солтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да төтенше өрт қаупі жалғасады.
Қызылорда облысының орталығы, солтүстік және оңтүстігінде найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні батыс, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде және таңертең найзағай болады. Төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, түнде оңтүстікте, күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында түнде батысында, солтүстік және орталығында, күндіз найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең батыс пен орталықта 15-18 м/с. Облыста жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда найзағай, желдің екпіні түнде 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы: Батыс, солтүстік және шығыста найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, 15-20 м/с. Оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар. Өскеменде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал жел 15-18 м/с.
Абай облысында түнде солтүстік пен шығыста найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с. Батыс, солтүстік, шығыс және орталықта жоғары, батыс пен оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыс және солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда да өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да сол жағдай.
Ақмола облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай және бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс және орталықта жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыста 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз +35° ыстық. Жоғары, солтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда да аптап сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарда найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусым күндері +35° ыстық, жоғары және солтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда найзағай, Қонаевта жоғары өрт қаупі жалғасады.